-->

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов БАҚ өкілдерімен бірге қар тазалауға байланысты түнгі рейдке шықты

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов БАҚ өкілдерімен бірге қарға байланысты түнгі рейд өткізді. Рейд барысында елорданың үш ауданын аралап, қардың қалай тазартылып жатқанын байқадық.

erm_8959

Қосман Қайыртайұлының айтуынша, ең бірінші кезекте ірі магис­тральдар мен орташа көшелердегі қар шығарылып жатыр. Сондай-ақ, ол тұрғын үй аулаларының қары тазартылып, ретке келтіріліп жатқанын айтып өтті.
– Әлеуметтік нысандардың маңын ең бірінші кезекте қардан тазартуға басымдық беріп жатырмыз. Себебі мектеп пен балабақша, аурухана мен емхана сынды әлеуметтік нысандар өз жұмысын тоқтатпауы керек. Негізі, жұмысымызға кедергі келтіретін көліктер болса, қарды барынша жинауға тырысамыз. Жол жұмыскерлері таңғы сағат 6-дан бастап жұмыс істейді. Бірақ апталап, айлап тұратын да машиналар болады. Ондай кезде тиісті шаралар қабылдап, жол полициясын шақырамыз, – дейді Қосман Айтмұхаметов.
Сондай-ақ, ол Астанада биылғы жылы бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауғанын айтып өтті. Мәселен, 2016 жылдың 13 қазан айынан бастап 2017 жылдың 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 миллион текше метрден астам қар шығарылған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есе артық. Ал 2014 жылы – 3,2 млн тонна, 2015 жылы – 3,4 млн тонна, ал 2016 жылы 2,9 млн тонна қар шығарылған.
Ал биылғы қар мөлшерінің қанша болатынын ешкім білмейді. Алайда, соған қарамастан, қар күреу жұмыстары саябырсып тұрған жоқ.
Мәселен, жалпы механи­ка­лан­дырылған жұмыстарға 2177 арнайы техника, қолмен жинау жұмыстарына 2708 адам тартылды. Ал қаладан шығарылған қар Теміржолшылар кентіне, Қосшы ауылының маңын­дағы «Рубеж» бекетінің сыртына және Астрахан тас жолындағы полигонға шығарылып жатыр.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*