Воскресенье, 20 Август 2017
-->

«Астана Опера» театрында «Қыз Жібек» операсының тұсаукесері өтеді

Серпінді, мәнерлі, ең бастысы, операның барлық қағидасына сай әуенді келген Е. Брусиловскийдің «ҚызЖібек» спектаклін «АстанаОпера»ұсынады. Тұсаукесер 10 және 11 ақпанда өтеді. Отандық классикалық өнердің тарихында Симфониялық оркестрмен бірге операда алғаш рет қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады.

c

Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театры мен Самаралық опералық театрдың бас режиссері Михаил Панджавидзе (Ресей), жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Қазақтың тұңғыш операсы – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жылы қойылған. Либреттосын аса көрнекті халық жазушысы

Бұл Жағалбайлы мен Шекті руларынан шыққан қос ғашық – айбынды жауынгер Төлеген мен сұлу Жібектің арасында өрбіген жүрек тербетер махаббат жайлы оқиға. Рулар арасындағы қарама-қайшылық, сондай-ақ Бекежанның қызғанышы қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Төлеген қарсыласының қолынан мерт болады.

Айта кетерлігі, бастапқыда спектакль қазақтың белгілі күйлері мен әндерінің музыкалық цитатасымен қатар, опера әншілері драмалық спектакльдегідей сахнада тұрып әңгіме түрінде жүргізетін диалогтардан құралды. Жаңа музыкалық редакцияда маэстро Абзал Мұхитдинов әңгіме түріндегі диалогты музыкалық речитативпен ауыстырып, Е. Брусиловский сияқты қазақтың белгілі әндері мен күйлерінің музыкасын пайдалана отырып тағы бірнеше эпизод қосты.

Сонддай-ақ балалар хоры өнер көрсетеді, сонымен қатар ұлттық аспаптарды жеке һәм «Астана Опера» Симфониялық оркестрімен бірге ойнайтындай етіп пайдаланды. Осылайша классикалық аспаппен қатар, тыңдарман халық аспаптарын – домбыраны, қылқобызды, шаңқобызды, жетіген мен кернейді тамашалайды.

astana.gov.kz.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*