«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана намысын Айбат пен Айтуар қорғайды

0 64

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың жүл­десі  үшін  өтетін  «Қазақстан Барысы – 2016» республикалық турниріне Астана қалалық іріктеу жарысы өтті.

ERA_8323

«Астана қыраны» аталатын дәстүрлі іріктеу жарысына биыл 38 балуан қатысты. «Дәулет» спорт кешенінде күні бойы өткен белдесулер нәтижесінде Айбат Сейтен жеңімпаз атанды. Күміс жүлдеге Айтуар Абдулов қол жеткізді. Қола жүлде «Қазақстан Барысы – 2015» турнирінің қола жүлдегері Ғани Сейділдаевқа бұйырды.
Жарыс қорытындысы бойынша ақтық сынға шыққан Айбат пен Айтуар биыл өтетін «Қазақстан Барысы – 2016» турнирінде Астана намысын қорғайтын болды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды