«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана LRT: Трамвай қашан жүреді?

0 71

Елордалықтар үшін жеңіл рельсті көліктің маңызы күн өткен сайын артуда. Себебі жыл сайын қалаға еліміздің әр аймағынан келетін халықтың қарасы қалың. Осындай келеңсіздіктен шығудың бірден-бір жолы – жеңіл рельсті көліктің тез арада іске қосылғаны.

 Жобаның техникалық сипаттамасына келсек, әрине, жаңа көлік жүйесі қалаға айтарлықтай пайда әкеледі. Құры­лыс 2020 жылы аяқталады деп бол­жануда. Ұзындығы 22,4 км болатын құры­лысқа 19 жылжымалы құрам тарту көзделген. Ерекше климаттық жағдайларға байланысты, яғни, +45-тен – 50 градусқа дейін қауіпсіздікті сақтау үшін
толық жабық, жылытылатын станция­лар мен кондиционерлеу жүйесін іске қосылады. Геологиялық жағдайларға байланысты да, әсіресе, жоғары жер­асты суларын ескерген маңызды. Машинистердің қатысуын талап етпейтін жылжымалы құрамды басқару толығымен автоматтандырылады.


Ауа райы демекші, мамандардың пікірінше, күрт континентальды климаты бар елде құрылыс барысында климаттық жағдайлар ескерілуі тиіс. Бұл мәселеге ЛРТ желісін жобалау кезінде айрықша мән берілген. Бұл ретте – жерүсті көлігінің барлық станцияларын суықтан, күннен, желден қорғау үшін жабық, қыста жылыту және жаз мезгілінде суыту үшін кондиционерлеу жүйесімен жабдықталмақ. Сондай-ақ оның құнына әкімшілік ғимараттың құрылысы да кіреді.
Айта кетейік, климаты бізге ұқсас Канадада да ЛРТ құрылысы жоспарлануда. Квебек провинциясы трамвай желісін дамытуға 2 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр. 23 км жол мен 2 станция салуды көздейтін ауқымды жоба 2025 жылы іске қосылады деп күтілуде. Ал Дублин NTA ұлттық көлік басқармасы метрополитеннің дамуына 3 млрд еуро инвестиция салуды жоспарлап отыр. Ұзындығы 26 км желінің құрылысы 2021 жылы басталып, 2022 жылы іске қосылмақ. Әлем елдерінде құрылысы аяқталған жерүсті метро құрылысының құнын салыстырмалы түрде талдайтын болсақ, Сингапур мұндай жобаның әр шақырымына (35,7 км) 220 млн АҚШ долларын жұмсаған. Ал Дубайда (52 км) – 150 млн доллар, Оттавада – (12,2) 120 млн доллар, Сеул (61 км) 110 млн долларға шығындалған.
Бүгінде бас қаладағы LRT жаңа көлік жүйесінің 1-кезеңінің құрылыс жұмыс­тарының бір бөлігі қаржыландырылды және аяқталды. Қазір өзара талаптарды нақтылау мақсатында, жобаны қаржыландырудың уақытша кідіруін тудырған Қытай консорциумы мен Қытай Мемлекеттік Даму Банкі арасында қаржыландырудың келесі транштары келісіліп жатыр. Сонымен қатар жобаға жүктемені төмендету және қаржыландыру шарттарын жеңілдету мақсатында әкімдік Үкіметпен бірлесіп ұлттық валютадағы ішкі қаржы көздерінің есебінен жобаны одан әрі іске асыру нұсқаларын қарас­тыруда.

Әлем елдеріндегі жерүсті және жерасты метрополитені құрылысының салыстырмалы құнын талдау

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды