«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана кештері» шақырады

0 30

«Қазақстан» орталық концерт залында дәстүрге айналған «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалі шымылдығын түрді.

Бұл айтулы шараға Парламент Сенатының төрағасы және аталған фестивальдің ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қатысып, жиналған қауымды өнер кешімен құттықтады.
Биылғы фестиваль дарынды опера әншілерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаевтың бенефисімен ашылды. Осы шарада елордалықтар Ресей үлкен театрының әншісі Анна Аглатова, Мария театрының солисі Наталья Павлова мен А.Навои атындағы мемлекеттік үлкен театр­дың солисі, Өзбекстанның халық артисі Рамиз Усмановтың өнеріне тәнті болды.
Фестиваль аясында «Астана Опера» театрында камералық музыканы ұнататын жұртшылық белгілі италиялық фортепиано дуэті Марко Скьяво – Серджо Маркеджанидің өнерін тамашалады. Бұл кешке еліміздің атынан талантты пианист, Forte Trio мемлекеттік триосының жетекшісі Тимур Урманчеев, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка) және Мұрат Нарбеков (виолончель) қатысты. Ал кеше талғамы биік көрермендер Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева мен талантты пианист Бехзод Абдураимовтың концертін көрді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды