«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Astana Cosmoland» – ғарыш қалашығы

0 83

Елордада салынатын «Astana Cosmoland» паркінің құрылысы жоспар бойынша 2020 жылға қарай аяқталады, деп хабарлады қазақпарат.

Еліміздегі алғашқы тақы­рыптық парк «Astana Cosmoland» Ұлттық ғарыш орталығының аумағына орналасатын болады. Онда ғарышкерлік музейі, планетарий, обсерватория және 5D кинотеатр, көптеген интербелсенді аттракциондар, тренажерлер, ойын бөлмелері ашылмақ. Сондай-ақ, паркке келушілер өздерін шынайы ғарышта жүргендей сезінуіне мүмкіндік беретін виртуалды технологиялар зертханалары, конгресс-холл және ғарышкерлер тамағы берілетін дәмхана салынуы жоспарланып отыр. Музей және ашық экспозицияға көзделген алаңның ауданы 1,64 гектарды құрайды. «Astana Cosmoland» Франция, АҚШ, Германия, Канада, Ресей, Қытай, Ұлыбритания елдеріндегі ғарыш парктерімен қатар әлемдегі алдыңғы қатарлы мәдени-ойын-сауық тақырыптық орталықтарының қатарына қосылатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды