«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана біріншілігі аяқталды

0 23

Футболдан әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігінің жазғы маусымы қорытындыланды.

Еліміздің бас стадионы «Астана-Аренада» марапаттау рәсімі өтіп, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған топ жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға медальдар мен кубоктар табыстады.
Мамыр айында басталған біріншіліктің ойындары «Астана-Арена» және «Тарлан-Арена» стадиондарында өтіп, оған 17 команда қатыс­ты. Бірінші кезеңнен кейін турнир кестесінде жоғары орындарға орналасқан сегіз команда іріктелді. Турнирдің аяқталуына төрт тур қалғанда бас кубоктан алты команда үмітті еді. Алайда қысқы маусымның чемпионы «Достар» командасы бір тур қалғанда басты бәсекелестерінен жеткізбестей ұзап кетті де, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал екінші орын Астана біріншілігінің дебютанты «Тұңғыш Президент қоры» командасына бұйырып, үздік үштікті №8 БЖСМОР қорытындылады.

Астана біріншілігінің үздіктері:
Үздік қақпашы – Игорь ЧЕРНЫХ («Достар»)
Үздік қорғаушы – Азат СМАҒҰЛОВ (№8 БЖСМОР)
Үздік жартылай қорғаушы – Әділ БАЛҒАБАЕВ («Достар»)
Үздік шабуылшы – Денис ПРОКОПЕНКО («Достар»)
Үздік сұрмерген – Дидар СЫДЫҚБЕК (Тұңғыш Президент қоры)
Үздік жаттықтырушы – Андрей ШУМАРА (№8 БЖСМОР)
Үздік төреші – Саят ҚАРАБАЕВ

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды