«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана» – бес дүркін чемпион

0 14

«Астана» футбол клубы ел біріншілігінде бесінші рет чемпион атанды.

Қазақстан Премьер-лигасының 31-турында «Астанадан» кейін тұрған Алматының «Қайраты» өз алаңында Павлодардың «Ертісінен» 0:1 есебімен жеңілді. Сөйтіп «Қайраттың» «Астананы» енді қуып жете алмасы белгілі болып, чемпионаттың аяқталуына төрт ойын қалғанда мерзімінен бұрын чемпион анықталды. Елордалықтар бесінші жыл алтыннан алқа тағып, ел рекордын орнатты. Бұрын қатарынан бес маусым чемпион болу бағы ешкімге бұйырмаған. Сондай-ақ күміс пен қоланың да иегерлері мәлім болды. Екінші «Қайрат» болса, үздік үштікті «Тобыл» түйіндеді.

Бексаттар САТТАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды