«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«АСТАНА-БЕО» мен «IKOMEK» БАЙЛАНЫСЫ БІРІКТІ

0 69

Астана қаласы әкімдігінің «iKomek» бірыңғай байланыс орталығына тағы бір қалалық қызмет қосылды.

1 шілдеден бастап «Астана-БЕО» бірыңғай төлем құжатының барлық сұрақтарымен «109» қысқа нөміріне хабарласуға болады. Осылайша, елордадағы тағы бір үлкен мәселенің, яғни «Астана-БЕО» байланыс орталығының түйт­кілі шешілді.
Елордада қызмет көрсету сапасы мен өмір сүру жайлылығын арттыруға арналған бастамалардың бірі – елорда тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының құрылуы.
Сонымен, жыл басынан бері «109» бірыңғай нөміріне 55-66-55 Астана қаласы әкімдігі; «Астана су арнасы» МКК; «Астана-Жылутранзит» АҚ; «Астана-ЭЖҮК» АҚ; «Астана-БЕО» ЖШС қалалық қызметтердің байланыс-орталықтары біріктірілді.
«iKomek» бірыңғай байланыс орталығы қалалық «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құрамына кіреді және 365/24/7 тәртібінде жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, бірыңғай бай­ланыс орталығында тұр­ғындармен қарым-қатынас­ты нығайту жұмыстары да қолға алынды. Атап айтқанда, (https://t.me/astanaikomek109_bot) Telegram чат-боттарына хабарлама жіберуге; әлеуметтік желілердегі хабарламаларды #astana109 хэштегімен белгі­леуге немесе қалалық және ұялы телефондардан «109» қыс­қа нөміріне қоңырау шалу­ға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды