«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана-Бастау. Бизнес аумағы»

0 45

22-23 қыркүйекте Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында «Астана-Бастау. Бизнес аумағы» деген атаумен тұңғыш инвестициялық және кәсіпкерлік форумы өтті.

Оны ұйымдастырған – Астана әкімдігі, «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Синергия» бизнес мектебі. Бұл шараның негізгі мақсаты – заманауи трендтерді ескере отырып, елордамыздағы бизнестің мүмкіндіктерін көрсету және кәсіпкерлердің өз ісін алға жылжытуына мүмкіндік туғызу.
Форумның жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 16 мыңнан аса кәсіпкер қатысты. Олар бизнесті дамытудың әртүрлі бағыты бойынша отандық және шетелдік сарапшылардың, компания жетекшілерінің дәрісін тыңдады. Бизнес-бапкерлер қазіргі кездегі бизнес-трендтер, компанияны дамытудың тиімді жолдары жөнінде әңгімеледі. Бір сөзбен айтсақ, ынталандыруды мақсат тұтқан басқосуда қазақстандық және шетелдік көшбасшы-кәсіпкерлер өз табысының құпиясымен бөлісті.
Форумның алғашқы күні нетворкинг бойынша мойындалған сарапшы Гил Петерсил, танымал экономист, «Бизнес в стиле фанк» атты бестселлердің авторы Кьелл Нордстрем, Қытаймен сауда-саттық жасауда ең жоғары жетістіктерге жеткен Дмитрий Ковпак, «Синергия» холдингінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Вадим Лобов, «Rimi Group» мейрамханалар желісінің қожайыны Қуаныш Шонбай, белгілі боксшы, 2005-2007 жылдардағы әлем чемпионы Серік Сәпиев, Гиннесстің рекордтар кітабына 7 рет кірген желаяқ Марат Жыланбаевтар дәріс өткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды