-->

«Астана» баскетбол клубының ВТБ бірыңғай лигасындағы адымдары

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы аясында өз үйінде ресейлік «Нижний Новгород» командасын қабылдады. Кездесудің нәтижесінде елордалықтар 93:84 есебімен жеңіске жетті.

1483880578_6

Алаң иелері алғашқы минут­тардан-ақ ойын тізгінін ұстады. Астана­лықтар төрт айналымның үше­уінде басымдық танытып, біреуінде бір ұпайы кем болды. Үш кезең бойынша 73:63 есебі тіркелді. Қонақтар қорытынды айналымда барынша алға ұмтылып, есепті теңестіруге тыры­сып бақты. Бірақ ұпай жинаған сайын арқаланған Усман Крубалли қар­сыластарының ілесуіне мүм­кін­дік бермеді. Тең деңгейде өткен ойынның соңғы бөлігінде «Нижний Новгород» командасы бір ұпай айырмашылығымен алға шықты.
Елордалықтардың сапынан Роберт Лоури – 18, Родерик Одом – 15, Усман Крубалли – 14, Рустам Мурзагалиев – 12, Иан Миллер 14 ұпаймен ерекшеленді.
Ал қарсыластар қатарынан Иван Стребков – 20, Кенни Бойнтон – 15, Максим Григорьев – 12, Томислав Зубчич – 11, Сиим-Сандер Вене мен Деандре Кейн екеуі 10 ұпайдан жинап, үздік нәтиже көрсетті.
Осылайша «Астана» жалпы есепте жеңіске жетіп, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтады. Келесі жолы ұлттық лига шеңберінде ақтаулық «Каспий» командасымен кездеседі. Бұл ойын 11 және 12 қаңтар күндері өтеді. Ал ВТБ аясында 15 қаңтар күні ресейлік «Химки» клубымен ойнайды. Аталмыш матчта елордалық команда алғашқы бестікке енуге барын салмақ.

Илиас Папатеодору, «Астана» командасының бас бапкері:

– Алдымен бәріңізді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бұл – біз үшін өте маңызды жеңіс. «Нижний» бізге «Зенитке» қарсы өткізген керемет ойыннан кейін келді. Қарсылас шабуыл кезінде әжептәуір қуатты. Бізде 20 күндей ойын тәжірибесі болған жоқ. Екінші айналымда өзіміздің ойын өрнегімізді тауып, нәтижесінде жеңіп кеттік.

season2017_1_7_1_1476901469

Артурс Шталбергс, «Нижний Новгород» командасының бас бапкері:

– «Астананың» ша­буылдағы ойыны жақсы болды. Қарсыласымыз бірнеше рет күрделі доптарды салды. Бірақ біз мұнымен ақтала алмаймыз. Біз «Зенитпен» болған ойыннан соң масайрап кетіп едік, енді жерге қайта оралдық. Егер біз он рет айып алаңында болсақ, «Астананың» қорғанысы мығым болды. Бұл біздің ойынға дайын болмаға­ны­мызды, жинала алмағанымызды білдіреді.

arturs1

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*