«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана» алға шықты

0 17

Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры ойындары өтті. Ұлттық біріншілік басталғалы топ басына тұрақтаған «Тобыл» орнын «Астана» командасына босатты.

Кезекті турдың ойы­нын «Астана» сырт алаңда өткізді. Қызылордада жергілікті «Қайсар» командасымен болған матчта есеп ашылмай, қарсыластар ұпай бөлісті. Ал осыған дейін турнир кестесін бастап келе жатқан қостанайлық «Тобыл» да бұл турда жеңіске жеткенімен, көшбастаушы орнын елордалықтарға босатуға мәжбүр болды. Алайда бес дүркін чемпионның бір ойын артық өткізгенін ескеру керек. Естеріңізге салсақ, «Астана» жазда УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсететін болғандықтан, бір ойынды алдын ала өткізіп қойған болатын. Сондықтан да «Тобыл» ұпай жоғалтты деуге де негіз жоқ.


Турдың басқа ойындарында мынадай нәтижелер тіркелді: «Қайрат» – «Оқжетпес» 4:1, «Ертіс» – «Тараз» 2:0, «Тобыл» – «Ақтөбе» 2:1, «Ордабасы» – «Жетісу» 1:0, «Атырау» – «Шахтер» 0:0.
Мергендер тізімін «Тобыл» шабуылшысы Азат Нұрғалиев ұстап келеді. Ол төрт ойында қарсыластар қақпасына 4 гол соқты.

Турнир кестесі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды