«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

0 36

Астана әкімі 12 көпбалалы ананы марапаттап, гүл шоқтарын табыстады – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға 200-ден аса қыз-келіншек қатысты. Әсет Исекешев қыздарды көктем мерекесімен құттықтап, еңбекте табыс тіледі. Мерекелік шараға келген қыз-келіншектерге қызғалдақ гүлін сыйлады.

«Сіздердің мерекелеріңіз көктемгі шуақпен, адамзатқа жылылық әкелуде. Біздің ұлт қашанда ананы ардақтап, құрметтеген. Ана –  отбасының жылуы, ұйытқысы. Сіздер аналық парызбен қатар біздің қоғамның дамуына да елеулі үлес қосудасыздар. Қымбатты аналар, қыздар, сіздердің кішіпейілділік, даналық, түсіністік пен қолдауларыңызға рақмет!», ­­- деді әкім.

Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында гендерлік саясатқа, ана мен баланы қорғауға басым көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Кездесу соңында 10 көпбалалы ана – «Күміс Алқа», екі ана – «Алтын Алқамен» марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды