«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Асланның асуы

0 259

Өнерлі өрен, Астанадағы №50 Қазғарыш мек­­­теп-лицейінің оқушысы Аслан Амангел­диев Венеция қаласындағы «Orpheus in Italy» халықаралық өнер фестиваліне қатысып, ­жүл­­­делі екінші орынды иеленді.

Аслан осыған дейін «Ақ көгер­шін», «Әнші балапан» секілді республикалық байқауларда, Мәскеуде, Түркияда өткен ха­лық­аралық фестивальдерде биіктерден көрінді. Ал Италияда әлемнің әр түкпірінен келген жүздеген жас өнерпаздан озды.
Қазылар алқасының құра­мында Қазақстаннан Қарлығаш Әбді­кәрімова болды. Онымен бірге қатысушыларды баға­лаған Ұлыбритания, Германия, Польша, Болгария, Италия, Мальта, Украина, Беларусь елдерінің музыка мамандары қазақ баласының өнерін жоғары бағалады. Асланға екінші орынмен қатар арнайы диплом табыс­талды. Бұған қоса, астаналық дарын Италияның бір композиторымен ән жазу құқығына ие болып, Беларусь пен Португалияға шақырту алды.
Алғашқы кезеңде Аслан «Дудар-ай» әнімен, келесі ке­зеңде «How am i supposed» туын­­дысымен баршаны тәнті етті. Осы екі кезеңнің қоры­тын­дысында жүлделі орынға ие болды.
Жас дарынға ән салу әліп­песін Оқушылар сарайының ұстазы Бронислав Бугинас үй­ретті. Қазір Аслан Мәскеу кон­серваториясының түлегі, білікті ұстаз Айжан Жеңіс­қызынан сабақ алып жүр. Алар асулары көп болсын!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды