-->

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА – «АИДА»

БҰДАН БҰРЫН ЭСТРАДАЛЫҚ КОНЦЕРТТЕРДІ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ТАМАШАЛАУҒА ҮЙРЕНСЕК, ЕНДІ ОПЕРАНЫ ДА ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ КӨРЕТІН БОЛДЫҚ. БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ АЛАҢДА «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ «АИДА» – ОPEN AIR ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ.

Аталмыш жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-пен бірігіп өткізді. Ал қойылымға «Астана Опера» театрының әртістері қатысты. Аиданың рөліне еніп, басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина орындады. Бұған қоса операда Дина Хамзина, Талғат Мұсабаев, Барсег Туманян, Болат Есімханов, болгарлық тенор Камен Чанев кейіпкерлердің бейнелерін сомдады. Операны бастан-аяқ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жетекшілік ететін «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеді.
Жалпы «Аида» Мысыр, Италия, Франция, Австрия, Ұлыбритания, Түркия елдерінде ашық аспан астында жиі қойылады. Енді бұл қатарға Қазақстанды да қосуға болады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*