Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ӘШІМБАЕВ СЫЙЛЫҒЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

«Қазақстан» РТРК» АҚ танымал қоғам қайраткері, публицист, тележурналист, әдебиет сыншысы, қазақ кср мемлекеттік телерадиокомитетінің бұрынғы төрағасы Сағат Әшімбаевтың еңбегі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында журналистика факультетінде оқитын студенттер арасында байқау жариялаған болатын. Жақында «Қазмедиа» орталығында жоба жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті.

20170512174511

Шараға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, белгілі жазушы- публицист, қайраткердің үзеңгілес досы Алдан Смайыл және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. «Шараның мақсаты – елімізге белгілі тұлғалардың есімін тағы бір жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Сағат Әшімбаев – сыншы ретінде де, журналист ретінде де қоғамға танымал тұлғалардың бірі. Кезінде авторлық «Парыз бен қарыз» хабары арқылы рухани санаға сілкініс жасағаны белгілі. Сондықтан бүгінгі байқау – біз үшін үлкен маңызы бар оқиға» деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин. Байқауға 1 ай ішінде 13 жоғары оқу ор- нынан 33 құжат келіп түскен. Комиссия жұмыстарды саралай келе, 6 студентті екінші кезеңге шығарды. Комиссия құрамында ҚР Президенті телерадиокешенінің Бас директоры, тележурналист Ерлан Бекхожин, белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсынов, «Қазақстан» РТРК» АҚ бұрынғы Басқарма төрағасы Нұртілеу Иманғалиұлы болды. Екінші кезеңде Сағат Әшімбаевтың зайыбы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Шәрбану Бейсенованы қатыстыра отырып, комиссия шешім шығарды. Факультет деканы берген мінездеме, оқу үлгерімін растайтын құжат, БАҚ-та жарық көрген материалдары, С.Әшімбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы рефератпен таныса келе, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің І курс студенті Дастан Қастайдың жұмысы үздік деп танылды. Жеңімпазға алғашқы стипендияны белгілі тұлғаның ұлы Мәулен Әшімбаев табыстады. «Әкем саналы ғұмырында ұлттық рухты жаңғыртуға, тілді сақтап қалуға қызмет етті. Әрбір бағдарламасы, әрбір мақаласы осы мақсатқа арналды. Бүгінгі жүлде де ұлтжанды азаматтардың болашағы үшін қажет» деді өз сөзінде М.Әшімбаев. Айта кетейік, алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқау бұдан кейін дәстүрге айналмақ

 

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*