Четверг, 17 Август 2017
-->

«Ару-Көктем» әлдиледі

kbb_1986-2-asli

Жастар сарайында өткен мерекелік концерт ардагер аналардың құрметіне арналды. Елордалық өнерпаздар аяулы жандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ән мен жырдан шашу шашты.

Бұл күні сахна төрінде «Наз» би театрының биші­лері мың бұрала билесе, театр және цирк әртістері поэ­тикалық миниатюраларын ұсынды. Ардагерлерден құ­ралған хор мен «Voice-Art», «Радуга», «Ангиорс», «Номад» және «Сарыарқа» балалар ұжымдары да түрлі музыкалық сәлемдерін жолдады.
Елімізге еңбегі сіңген қай­раткер Александр Абылаев жетекшілік ететін эстра­да­лық-симфониялық оркестр­дің орындауындағы әуендер көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Рухани кешке жиналған қауым «А в городском саду играет…» әуеніне вальс билеп, мерекенің кө­рігін қыздырды.
«Астана қаласында жетпіс мыңға жуық ардагер бар.
8 наурыз – әйелдер мерекесі және Наурыз мейрамы қар­­саңында оларға әдемі кеш ұйым­дас­тырғанды жөн көр­дік. Елордалық өнер­паз­дар­дың қатысуымен өткен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Ардагерлердің құрметіне арнап мұндай шараларды өткізу игі дәс­түрге айналып келеді» дейді Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*