-->

Арнайы таяқша алынып тасталды

Ішкі істер министрлігі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол полициясының қызметкерлері арнайы таяқшаны қолданыстан шығаратынын мәлімдеді.

police-of-astana-800x600

Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибеде кез­десетін жағдай. Қазіргі уақытта, бір­қатар еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқша қолданбайды.
«Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады» деп хабарлайды министрліктің ресми баспасөз қызметі.
Бұдан былай полиция қызметкерлері көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «тоқта» деген белгіні береді. Полиция қызметкерлеріне ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткішті пайдалануға және автопатрульмен тоқтатуға рұқсат етілген.
Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*