«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Арнайы орындық – қауіпсіздік кепілі

0 71

Астана қаласы Жергілікті полиция қыз­меткерлері жаңа оқу жылы­ның алғашқы күндері­нен бастап жүргізушілерге балаларды алып жүрудің қауіпсіз жолдары туралы түсіндіре бастады.

автокресло3

«Байқаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы аясында өтіп жатқан ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде жол инспекторлары мектептің маңайындағы жүргізушілерге арнайы буклеттер таратып, автокресло мен арнайы ұстау құрылғыларын қалай дұрыс таңдау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, көлік иелері бала­ларға арналған орын­дықтардың қай түрі қауіпсіз екенін, оны қалай орнату керектігі жөнінде жан-жақты мағлұмат алды.
Әлбетте, мұндай қауіп­сіздік шараларын әрбір жүргізуші білгені дұрыс. Себебі, көлік апатынан жолда демі үзіліп, ауыр жарақат алып жатқан жет­кіншектер баршылық. Айталық, жыл басынан бері Астанада 58 жол-көлік оқиғасы болса, онда 58 бала әртүрлі дене жарақатын алған. Ауыр жарақат алған 20 жеткіншек көлікке арнайы ұстау құрылғынсыз отырыпты.
Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметі бо­йын­ша көліктегі балаға ар­налған ар­­найы орындықтар жасөс­пі­рім­­­дер арасындағы өлім-жітім көрсеткішін – 54 пайызға, ауыр жарақат алуды 92 пайызға азайтады.
Кішкентай балаларды автокреслосыз алып жүрген жүргі­­зушілер әкімшілік жауап­кершілікке тартылады. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында осы ережені сақтамаған 580 елордалық жүргізуші тиісті жаза­сын алған.
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззәт Бисембаеваның айтуынша, еліміздің жол жүру ережелері туралы заңнамасы бойынша 12 жасқа дейінгі балалар көлікте отырғанда, арнайы құрылғымен қамтамасыз етілуі тиіс. Ережені елемегендерге 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 10 605 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Қымбат Нұрғали

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды