«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Арнайы кабинет ашылды

0 147

Судьялардың сапалы және жедел сот ісін жүргізуіне жағдай жасау мақсатында осы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының өкі­мімен «Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы көмекшісі» қанатқақты жобасы жұмыс істей бастаған еді.


Енді, міне, осы жобаны одан әрі жандандыру мақсатында аудандық сотта көмекшілерге арналған арнайы кабинет ашылды.
Кабинет ашық кеңістік технологиясы – «Open Space» қағидаты бо­йынша жұмыс істейді. Бұл әрі өзін-өзі ұйымдастыру үдерісі болып табылады. Мұнда жұмысты жан-жақты жүргізу үшін барлық жағдай жасалып, бөлме кеңсе жабдықтарымен толық қамтама­сыз етілген. Арнайы комиссия құры­лып, судьялардың көмекшілері эссе жазу арқылы іріктелді.
Қорытындысында 9 сот маманы және «Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту» қанатқақты жобасының 3 қызметкері судья көмекшісі болды. Сондай-ақ, Астана қалалық сотының 4 қызметкері де жұмысқа тартылды. Олардың барлығы да өздерінің жаңа міндеттеріне кірісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды