«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Арман қаланың арайы

0 87

Қазір Тәуелсіздік сарайында кіндік шаһардың 20 жылдығына арналған отандық суретшілер академиясының «Астана – арман қала» атты көрмесі өтуде.

Айтулы көрмеге еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен, Павлодар, Қос­танай, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау қалаларынан келген 31 қылқалам шеберінің жүзден астам картиналары мен мүсіндері қойылған.
Бұлардың бәрі де шынайы тебіреністен шыққан шығармалар деп айтсақ болады. Әрбір суретшінің өмірді көруі, түйсінуі де ерекше. Біреуі тарихтан сыр тартатын бейнелерді сөйлетсе, екіншісі – ұлттық құндылықтарды бедерлеуге мән берген. Бас қаланың көркем келбеті де шеберлерді шабытты әсерге бөлеген. Шаһардың әдемі ғимараттары бояу тілімен өзгеше үн қатады.

Өзіме белгілі гобеленші Бәтима Зәуірбекованың жұмыстары қатты ұнады. Бұл туындылардан өмірдің ағысы айшықты бояулар арқылы көрініс тапқан. Ондағы кілем түс­терінің қанықтығы мен тазалығы автордың жан дүние­сінің нәзіктігін білдіреді. Гобелендегі сан түрлі құбылыстардан терең ой түйесіз.
Айта кетейік, шараны өткізуге қалалық әкімдік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Нұр Отан» республикалық партиясы ұйытқы болған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды