Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

АРЛАНДАР МЕН ҚАБЫЛАНДАР АЙҚАСЫ

Бүгін – Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық бәсекесі. Жетінші маусымның финалына дейін сүрінбей жеткен қос команда – «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» Қазақстан спорт кешенінде WSB бас жүлдесін сарапқа салады.

«Astana Arlans» осымен төртінші рет финалда айқасады. Ал бұл – кубалықтардың бесінші финалы. Екеуі осыған дейін мықты командалармен кездесіп, мойындатты.

Шешуші шайқастан бір күн бұрын өткен баспасөз мәслихатында «Астана» Президент клубының атқарушы директоры Астанада өтетін бұл финалды бокс әлеміндегі тарихи сәт болатынын жеткізді.

Оның айтуынша, WSB жетінші мау­сымының финалы жаңа форматта өтеді. Яғни, 10 салмақ сериясы бойынша кездесулердің жеңімпазы бір күннің ішінде анықталмақ.

– Жыл сайын WSB-нің бұл жобасы өз жемісін беріп, дамып жатқанына куә болудамыз. Осы жылы Бүкіләлемдік бокс сериясындағы ең ұлы екі команданың жолдары екінші рет түйісіп отыр. Мен барлық боксшыларға сәттілік тілей отырып, жиырма талантты жігіт жұдырықтасатын өте тартысты финалды тамашалауды тағатсыздана күтемін, – деді Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг Куо Ву.

Он салмақ бойынша өзара мықтыларын анықтайтын шайқасқа арландардан Олжас Сәттібаев көш бастап шықса, кубалықтардың капитаны – атақты Хулио Ла Крус.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*