«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Архив қойнауында

Ақмола өңіріндегі алғашқы пошта қызметінің тарихы

0 17

Архив құжаттарының танылуы, олардың ғылыми бағытта қолданылуы, Қазақстан тарихы мен оның астанасына қатысты жаңа құжаттық қорлардың жинақталуы еліміз үшін айтарлықтай маңызға ие. Сол орайда ұлт тарихына қатысты құнды құжаттарды Астана мемлекеттік архиві ТМД елдерінің архивтерінен және алыс-жақын шетелдерден іздестіру, көшірмелерін архив қоры құжаттарының қатарына қосуда түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Әріптестік келісім негізінде архивтің №430 қорын құруда үлкен жұмыстар атқарылды. Бұл қорда еліміздің түрлі тарихи кезеңіне қатысы мол құжаттар кездеседі.

Дүниежүзілік пошта күні қарсаңында аталған қор құжаттарының ішінен ХІХ ғасырдағы өңірімізде қызмет еткен пошталарға қатысты дерек жарияланады.
Ұсынылған құжат 1861, 1893 жылдардағы Ақмола өңірінде жаңа пошталардың құрылысы, қызмет көрсету сапасына қатысты өзгертулер бойынша өңір губернаторларының атына жазылған ұсыныстар және де пошта мекемелерінің тізімі келтірілген.
Қай елде, қай кезеңде болмасын аймақтардың хат-хабар алмасуын жүзеге асыратын пошта бай­ла­нысының маңызы зор болған. Халықаралық пошта – әлем­­дегі байланыстың ең ұзақ желісі. Бүгінде пош­та қызметі ең тиімді, сенімді әрі артық шығынсыз жеткізудің жолы болып есептелінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды