Четверг, 17 Август 2017
-->

АРДАГЕРЛЕР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

kbb_2032-2-asli

«Алау» мұз айдыны сарайында шахмат пен дойбыдан Есіл ауданының зейнеткерлері арасында жарыс өтті. Игі іс-шара Қазақстан Республикасының ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Негізі, шахмат пен дойбы жасы егде тартқан қариялардың сүйікті ойындарының бірі болып саналады. Сондықтан да аудан әкімдігі Дене шынық­тыру және спорт басқармасы және Спорттық-бұқаралық іс-шара­ларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, игі іс жасады. Сондай-ақ, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аталған ауданның Ардагерлер кеңесі атсалысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша шахматшылар арасында Т.Қадырбеков, Р.Галимов және В.Голубев жеңімпаз атанды. Ал дойбыдан К.Жанұзақова, Қ.Рахымжанов және Қ.Саттыбекова үздік шықты. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар, медальдар және сыйлықтар табыс­талды.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*