«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ардагер жүлде тікті

0 36

Елорда төрінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ардагерлер кеңесі тұңғыш рет генерал-майор Сәбет Жақыпбековтің жүлдесі үшін бильярд турнирін ұйымдастырды.

Ардагердің жүлдесін сарапқа салуға еліміздің түкпір-түкпірінен бұрын ұлттық қауіпсіздік саласында қызмет атқарған аға буын өкілдері келді. Жарыс бір күнмен шектелмей, жеңімпаз үшінші күні анықталды. Сөйтіп салауатты өмір салтын ұстанған асатаяқ ұстаушылар бәсекесінде Серікбай Түлкібайдың бағы жанды. Жеңімпазға ауыспалы кубок табысталды.
– Бұл жарысты жыл сайын өткізуді ойлап отырмыз. Өйткені біздің ардагерлер спортқа бейім, футбол, волейбол жарыс­тарынан да қалмайды. Алдағы жылы Алматыда, содан кейін еліміздің басқа қалаларында ұйым­дастырсақ дейміз. Ең бас­тысы, ардагер қауым салауатты өмір салтын насихаттап жүр. Бұл бас­ты жетістік болса керек, – дейді турнирді ұйымдас­тыру комитетінің төрағасы Салтан Ахунов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды