«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Арандатушылардан абайлаңыз!

0 28

Бас прокуратура елордалықтарды мереке күндері арандатушылыққа берілмеуге шақырып, үндеу жария­лады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде осы жылдың 9 мамырында заңсыз шеруге қатысуға үгіттеуде. Биылғы 1 мамыр күні кейбір азаматтар құзырлы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ескертуін елемей, заңсыз шерулерге шығып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді», – делінген хабарламада.
Ал елордадағы «Жаужүрек полк – Бессмертный полк» шеруінің үйлестіру кеңесінің жетекшісі Аида Баймақова аталған шараға қатысушыларға әр отбасының жеке естелігіне құрметпен қарап, шеруді қандай да бір саяси мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге үндеді. «Біз шеру аясында жарнамалық және корпоративтік символиканың қолданылуын ар-намысымызды қорлау деп есептейміз» делінген осы үндеудің мәтінінде. Төрт жылдан бері өткізіліп келе жатқан шеру фашизммен күрес­те қаза болған қазақстандықтардың рухына тағзым етуді көздейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды