Четверг, 29 Июнь 2017
-->

АҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Астанадағы Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері әр сенбі сайын жұртшылыққа тегін қызмет түрлерін ұсынады.

img_5244-06-05-17-06-20

Бүгінде аталған оқу ордасында 1500-ге жуық студент білім алады. Оның 720-сы мемлекеттік грантпен оқиды. Енді қабілетті жастар қала тұрғындарына тегін қызмет түрлерін көрсетуді қолға алды. Оның бәрі студенттердің тәжірибе жинақтауына септігін тигізбек. Сонда ол қандай қызмет- тер? Тоқтаңыз, қазір айтамыз. Күнделікті тұрмысқа өте қажет дүниелер. Сонымен, жастар сізге компьютерлік техника, шашта- раз және киімді қалпына келтіру қызметі мен түрлі мерекелік шаралар өткізуге, заң, қаржыгер кеңесі, мәтінді ағылшын тіліне аудару, аспаздық өнімдерді әзірлеу және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге ата-аналарға кеңес бере алады. – Бір жағынан біздің студенттердің осы арқылы іскерлік қабілеті артады. Кейін оның жұмысқа орналасуға жеңілдігі тиеді. Біздегі мамандардың дені өндірісте дуальді білім алады. Кәнігі мамандармен тәжірибе алма- сады. Әсіресе, жастарды жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеуге баса мән беріп отырмыз. Шараға студенттердің бәрі тартылды. Алғашқы нәтижеміз жақсы, – дейді атал- мыш колледж директорының орынбасары Татьяна Королёва.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*