«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Ақылды» орындықтар орнатылды

0 161

Елорданың сол жағалауындағы жаңа веложолдардың бойында 39 смарт орындық орнатылды. Бұл орындықтар – Астананың 20 жылдығына Павлодар облысының жасаған сыйы.

Жаңа орындықтардың смартфондарға блютус арқылы қосылу және динамика арқылы музыка тыңдау қызметі бар. Сондай-ақ, телефонды сымсыз және USB порт арқылы қуаттауға болады. Орындықтар электр қуатын күн батареялары арқылы алады.
Ең бастысы, бұл орындықтар велосипедтер үшін тұрақ қызметін де атқара алады. Смарт орындықтардың жаңа веложолдардың маңайына орнатылған себебі де сол.
Мамандардың мәліметінше, ақылды орындықтар Қытайда жасалған. Оның біреуінің бағасы – 1,2 млн теңге. Әр орындықтың үш жылға дейін кепілдік мерзімі бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды