«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ақылды бағдаршамдар саны артты

0 48

Зияткерлік көлік жүйесімен (ITS) бүгінгі таңда 443 бағдаршамның 105 нысаны қамтылған.

 Көлік және жол-көлік инфрақұры­лымын дамыту басқармасының мә­ліметі бойынша, 2019 жылдың соңына дейін ITS жүйесіне 31 бағдаршам нысаны қосылады. Сол сияқты 48 ақ­параттандыру таблосы мен 130 радио­локациялық детектор орнатылады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, тоғыз жол қиылысында 87 бейне детектор, 27 бейнебақылау камерасы орнатылып, ол жалпы көлік ағынына әсер ететін негізгі көлік тораптарын қамтуға, қолданыстағы көше-жол желісінің жүктемесін біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік бермек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды