Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

АҚШ АСТАНА БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия бойынша Астанада өтетін кездесу істің алға жылжуына ықпал ететінінен үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Риа Новости.

1330186

«Біз Астанада өтетін кездесуді қолдаймыз және ол алға қадам жасауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Мен БҰҰ-ның арнайы елшісі Де Мистурамен сөйлестім. Біздің барлығымыз келісеміз, мақсатымыз бұрынғысынша қалады. Яғни бізге Женеваға барып, нақты келіссөздер жүргізуіміз қажет» деді Керри Вашингтонда өткен баспасөз-мәслихатында.
Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Таийп Ер­доғанмен Сириядағы жанжалдасушы та­раптардың бейбіт келіссөздерін Астанада өткізу жөнінде келіскендігін айтқан болатын. Оның сөзінше, жаңа алаң Женева келіссөздерін толықтыруы мүмкін. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған бастаманы қолдап, мұндай келіссөздер үшін Астанадан алаң ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Астанада кездесу 23 қаңтар күні, ал, Женевада 8 ақпанда өтеді деп жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*