«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ақмолаға келген алғашқы пойыз

Архивті ақтарғанда...

0 24

Биыл Ақмолаға алғашқы пойыздың келгеніне тоқсан жыл толып отыр. Енді соның тарихына тоқталайық.Патшалық Ресейдің жол қатынастары министрлігі Түмен-­Ақмола-Ташкент магистралының жобасын салуды 1878 жылы қарас­тырған. XX ғасырдың басында, яғни 1904 жылы Орынбор мен Ташкент қаласын жалғастыратын ауқымды теміржол құрылысы басталды. Бірақ өкіметтің ауысуы мен азамат соғысы салдарынан жол құрылысы тоқтап қалды.
Көрнекті қоғам қайраткері ­Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» романында Орскіден Атбасар, Ақмоланы басып, ­Семейге теміржол салынып жатқандығын айта келіп, Оңтүстік Сібір теміржолды басқаратын мекемесі Ақмолада болғандығын баяндайды. Сол кезде Ақмолада вокзал ғимаратының құрылысы жүріп жатқан.1920 жылы КСРО халық комиссарлар кеңесі Петропавловск-Көкшетау теміржол құрылысын салу жөнінде қаулы шығарды. Бұдан соң жолды Шортандыға дейін жалғастырады. 1929 жылғы 5 сәуірдегі еңбек және қорғаныс кеңесінің отырысында теміржолды сол жылдың 1 желтоқсанына дейін толық аяқтап пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдайды.
Сөйтіп 1929 жылы 8 қарашада Ақмолаға бірінші пойыз келді.
Кеңес дәуірі кезінде ­Ақмола – Тың теміржолының орталығы атанды. Бүгінде еліміздің бас ордасына айналған шаһарда екі теміржол вокзалы бар. Біріншісі – Гете көшесінің бойындағы 1957 жылы салынған Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы болса, екіншісі – ЭКСПО көрмесі қарсаңында пайдалануға берілген, ТМД көлемінде ең үлкен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы. Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізеді.

Дайындаған
Ғазиза ИСАХАН,
Нұр-Сұлтан қаласы
мемлекеттік архиві
ғылыми-зерттеу

бөлімінің басшысы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды