«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ақ ту салынған сандық

Сурет сыры

0 48

Жәнібек Бердәулетұлы – 1714-1792 аралығында жасаған қазақтың әйгілі қолбасылардың бірі. 78 жасында Қалба тауының етегіндегі әулие бұлақ жағасында дүниеден өткен.

Жаужүрек батыр жоңғармен ұрыста ерекше ерлік көрсеткені үшін, Абылай хан оң тізесінен орын беріп, оны Керей-Уақ қолының бас қолбасы деп жариялап, басына шашақ орнатылған, қара тамақ найзаға сапталған шымқай ақ туды өз қолымен Жәнібекке береді. Қазақ ханы Абылай берген осы ту, «Жәнібектің ақ туы» аталып, Жәнібектің қара шаңырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, темірмен қапталған ағаш сандыққа салынып сақталған. 1940 жылдардан басталған Алтайдағы ұлт-азаттық қозғалысында Оспан, Сұлубай, Сүлеймен, Нұрқожай бастаған батырлар ақ туды көтеріп жауға шапқан.
Жәнібек ұрпақтары қолында 1958 жылға дейін сақталып келген ақ ту Қытайдағы саяси өзгеріс кезінде белсенділер жағынан тартып алынып, сол беті жоғалған. Сол тудың тұғыры болған қара сандық, көненің көзі, тарихтың тәбәргі боп Қытайдағы Алтай аймағы Шіңгіл ауданындағы (Жәнібек бабаның 7 ұрпағы) Сағдат Мырзахметұлының шаңырағында сақтаулы тұр.

 

Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды