Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

АҚ ПЕН ҚАРА ТАЙТАЛАСЫ

«Қазақстан» орталық концерт залында «Astana Musical» театрының  әртістері «Ертөстік» ертегісінің желісімен жасалған мюзиклді көрермендерге ұсынды.

Бала күнімізде «Ер Төстік» ертегісін құмартып оқыдық. Сол секілді батыр болып, бауырларымызды зұлымдық иесінен қорғағымыз келді. Сол қиялмен ержетіп, арман сапарына аттандық. Тамаша мюзиклді көріп отырып, соның бәрі көз алдыма келді. Ертегідегі кейіпкерлерді бейнелеген әртіс­тердің шеберлігі шынайы өрілді. Бәрі де қойылымды заманауи бимен әрлеп, табиғи дауыста ән шырқады.

1231321

Жаңа шығарманың астарынан адам бойындағы асыл қасиеттерді насихаттаған терең ойды түсіндік. Сол арқылы режиссер соны ізденіске барып, ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың тайталасын табаққа қойған астай алдымызға тарта білді. Қаһарлы Темір хан өзінің қол астындағы қуатты көмекшілері – перінің қызы Бекторы, Жалмауыз, Дию, Шойынқұлақ, Жалғызкөз, Дүлей және Обыр секілді жақтастарымен бірігіп, батырдың көзін жоюдың неше түрлі амалын жасайды. Бірақ Ер Төстік соның бәрін жеңіп, өз жерін жамандықтан қорғап қалады. Оған сондай қиналған шақта Кенжекей сұлу, тұлпары Шалқұйрық және Таусоғар, Саққұлақ, Көлтауысар, Желаяқ, Епті, Қырағы, Тұмар хан сынды достары жәрдемдеседі. Ертегідегі барлық кейіпкерлердің бейнелері көзімізге жылы ұшырады. Олар жауыздықтың алыптары болса да, солардың бойынан балалық қиялымызда қалған, қыр астында қол бұлғаған күндерге жол шектік. Спектакль осындай тосын таңғажайып шешімдерімен сәтті шықты.

2432432

Бір ғажабы, қойылымдағы әуезді әуен, бірегей хореография, жанды вокал, керемет бейне инсталляция, бір сәтте ауысып отыратын көз тартарлық декорациялар, әдемі костюмдер мен рөлдерді сомдаған әртістердің шеберлігі көрермендерді бірден баурап алып, ертегілер әлеміне еліктіріп әкетті. Сахнаның өзі заманауи декорациялармен безендіріліп, видеоинсталляциялар қосылды. Әсіресе, музыка авторы – Болатбек Нұрқасымов, либретто авторы – Әннәс Бағдат, сценарист және қоюшы-режиссері – Есләм Нұртазин сияқты үздік мамандардан құрылған шығармашылық топтың еңбегі ерекше. Қойылым аяқталғаннан ке-йін де көпке дейін ойымыздан шықпай, жүрегімізді жылытып жүрді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*