«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ақ Олимпиада аяқталды

қоржында - жалғыз қола

0 59

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен ХІІІ қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті.


Бұл Олимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының еншісіне бір ғана жүлде түсті. Жалғыз олжа – Юлия Галышеваның фристайлдың могул түрінен қола медалі.
Осы көрсеткішпен Қазақстан жалпыкомандалық есепте 28-орын­ға тұрақтады. Ал көш бастаған Норвегия 39 жүлдемен Олимпиада тарихында медаль саны жағынан рекорд орнатты.
Жалпы, бұл байрақты бәсекеде 46 отандасымыз спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Жарыстың соңғы күні үлкен үміт артқан Алексей Полторанин 50 шақырымға классикалық жүгіруде, өкінішке қарай, 15-орыннан көрінді. Ол 35 шақырымға дейін алдыңғы сапта жүрген үштіктің қатарында болған еді.
Келесі Олимпиада ойындары 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды