-->

АПАТТЫ ҮЙЛЕР АЗАЮДА

АСТАНАДАҒЫ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАСПАНАНЫ ҚҰЛАТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАҒАЛАУ АУДАНЫНДА САЛЫНҒАН ЖАҢА ҮЙЛЕРГЕ КӨШІРІЛЕТІН БОЛАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ ЕЛОРДА ӘКІМДІГІНІҢ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ.

Астана қаласының тұрғын үй басқармасы мәлімдеген­дей, жоспарға сәйкес ағым­дағы жылы апатты жағдайда тұрған 111 үй құлатылып, 1800-ден астам отбасы жаңа нысандарға көшірілуі тиіс. Бүгінге дейін апатты жағдайдағы үйлердің 77-сін құлату шаралары аяқталған.
– Биыл апатты жағдайда­ғы 111 үйді құлатып, 1800-ден астам отбасыны көшіру жоспарланды. Бүгінге дейін
77 үйдің тұрғындарын кө­шіру шаралары аяқталды. Алдағы екі аптада 200-ден астам отбасы тұратын тағы да апатты
21 үйдің тұрғындарын кө­шіруді бастаймыз. Апатты үйлер, негізінен, елор­да­ның
оң жақ жағалауында ор­на­ласқан. Қазіргі таңда біз тұр-
ғындарды Жағалау ауда­­нын­да жоба аясында салын-
ған үйлерге көшіріп жатыр­мыз, – дейді Астана қала­сы­ның тұрғын үй бас­қармасы жетекшісінің орын­басары Асхат Елеужанов.
Асхат Елеужановтың айтуынша, тұрғындар алдын ала көшіру шараларына дайын болуы үшін басқармамен ақпараттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі.
– Апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарын кө­шіру жоспарға сәйкес іске асады. Көшіру шараларының жоспары Тұрғын үй бас­қармасының ресми сайтында жарияланып тұрады. Жобаны іске асыру шарттарын түсіндіру, көшірудің кезеңдері мен мерзімдері жайлы халықты алдын ала ақпараттандыру бойынша жұмыстарын жүргіземіз, – дейді басқарма басшысының орынбасары.
«Апатты жағдайдағы үйлерді құлату» жобасы Астанада 2013 жылдан жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 1940-1970 жылдардың аралығында салынған үйлер бұзылып, олардың тұрғындары жаңа нысандарға көшіріліп жатыр. Бұл – орталықтандырылған жылумен, сумен қамту жүйесіне, кәріз жүйе­сіне қосылмаған үйлер.
2013-2016 жылдардың аралығында апатты жағдайдағы 117 үй құлатылып, 1570 отбасы көшірілген. Айта кету керек, жоба шарттарына сәйкес, тұрғындар апатты үйдегі пәтер ауданына тең келетін жаңа пәтерлерге ие болады.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*