-->

АПАТ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

erm_5354-2-asli

Өткен демалыс күндері Аста­надағы А.Иманов пен Е.Бру­силовский көшелері қиы­лысын­дағы су құбырындағы апат­қа байланысты бірқатар автобус бағдарларында өз­геріс­тер бол­ғаны жөнінде ұялы телефо­ны­мыздағы «Astrabus» қосым­шасы арқылы хабарлама алдық. 

«Астана су арнасы» МКК хабарлауынша, тиісті жұмыстар жүргізіліп, апат салдары жойылды.
Апаттың себебін айтсақ, сол маңда құрылыс жұмыстарын жүргізген «СервисСтройИнес» компаниясы бұрғылау кезінде диаметрі 1000 мм су құбырын тескен. Мұны қалпына келтіруге 30-дан астам жұмыскер мен 27 техника тартылды.
Жөндеу жұмыстары уақытында Кенесары, 70, А.Жұбанов, 10, 10а, А.Иманов, 41, Е.Брусиловский, 2, 5, Б.Бейсекбаев, 2, 9 көше­леріндегі тұрғын үйлер судан ажыратылды.
Халық сусыз отырмау үшін ол көлікпен жет­кізіліп тұрды. Жексенбі күні сумен жабдықтау қалпына келтірілді.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*