«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аңыз Алтай, өр Алтай

Қазақстанның киелі картасы

0 25

Отандық бір топ фототілші «Киелі Алтай» республикалық блог-турына қатысып, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының тұмса табиғаты мен тарихи орындарын таспаға түсірді.

– Биыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланған болатын. Аталған экспедиция да соның аясында ұйымдастырылды. Қатысушылардың көпшілігі – жас фотографтар. Олар түсірген Шығыс Қазақстанның тіл жеткісіз тамаша сұлулығын паш ететін суреттер кейін республика бойынша түрлі көрмелерге қойылады, бұл отандық туризмді дамытуға үлкен сеп болады деп ойлаймын, – деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым.
Блог-тур барысында National Geographic Qazaqstan журналының шеф-фотографы Ерболат Шадрахов және ардагер фототілші Нұрманбет Қизатұлы секілді кәсіби фотографтар жас әріптестеріне арнап шеберлік сыныптарын да өткізді.
Қатонқарағай ауданы аумағындағы сақ дәуірінен сақталған Берел қорымы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертіп, көне замандарға жетелейді. Үш қорғаннан тұратын бұл қорым – Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары картасына енген қасиетті мекен. Мыңжылдықтар тарихын арқалаған қорғандарды зерттеу ХІХ ғасырдың орта шенінде басталып, күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Кейінгі жылдары қорымды белгілі археолог Зейнолла Самашев індете зерттеді. Олжасыз да емес. Соның ішінде №10 обадан ерттеулі аттардың сүйек­тері, ат әбзелдері табылды.

Суреттерді түсірген Сұлтан Сейіт

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды