«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Астана қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет «Отбасылар форумы» өтті. Алқалы жиынның көздеген мақсаты – қоғамдағы отбасы мәртебесін нығайту және әйелдердің кәсіби шыңдалуына атсалысу.

0 19

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне ер-азаматтармен қатар араласып, белсенділік танытып келеді. Әйелдер мемлекеттік қызметте, бизнес­те, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыс істеп жүргенін күнделікті өмірден көріп отырмыз. Бүгінде елордамызда 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрып жатыр. Соның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісін иеленген аналардың саны 4793-ті құрайды.
Форум жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, астаналық аналарға мемлекет тарапынан жан-жақты қамқорлық пен қолдау көрсетілетіндігін айтты. Дүниеге бала әкеліп, ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің демогра­фия­лық ахуалының көтерілуіне зор үлес қосып жатқан көпбалалы аналардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Бұл форум осындай игі қадамдардың бастамасы болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды