«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аналар кәсіп меңгерді

0 17

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Кәсіпкер ана» жобасы аясында астаналық аналарды кәсіпкерлікке үйреткен менторларды марапаттау рәсімі өтті.Аталмыш шараға ең белсенді деген 20 ментор шақырылды. Жалпы жобаға 68 ана қатысқан. Олар маникюр, педикюр, хейр, мейкап, шугаринг, массажға үйрететін бьюти индустрия; аспаз, кондитер, кулинария, шоколатье бағытында оқытатын foodиндустрия; графикалық дизаин, копирайтинг, СММ менеджментін меңгертетін IT индустрия бағытындағы мамандықтарды игерді.
«Бүгінде әкімдік тарапынан әлеуметтік бастамаларға ерекше мән берілуде. Оның ішінде өз ісін ашып, кәсіппен айналысамын деген жандарға қолдау көрсетілуде. «Жанұя» орталығында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі «Кәсіпкер ана» жобасы аясында біраз жұмыстың істелгені көрініп тұр. Яғни жоба өзін ақтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы да үнемі өз сөзінде айтып жүреді. Елімізде орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама да бар. Одан бөлек, гранттар бөлінуде. Бүгінгі марапаттау шарасы – соның бір көрінісі, – деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.
«Кәсіпкер ана» жобасы жалғасатын болады. Оған көпбалалы және жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аналар мен тұрмысы төмен әйелдер қатыса алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды