«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алтыншы шақырылымның қалалық мәслихат депутаттарының және Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!

0 11

  2019 жылдың 27 маусымда сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) алтыншы шақырылымның       Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.

 

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы  жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және жұмысын үйлестіру барысы туралы.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  3.   Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
  4.    Жер учаскелерін мемлекеттік мұктажы үшін  алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе  өзге де жылжымайтын мүлікті  иеліктен шығару шарттардың жобаларын келісу туралы.
  5.      «Астана қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы қағида туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340/48-V шешімінің күші жойылған деп тану туралы.
  6.     «Алтыншы шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы  № 1/1-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы .
  7. «Алтыншы шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының тұрақты  комиссияларын ұйымдастыру  туралы»  Астана қаласы мәслихатының  2016 жылғы 25 наурыздағы № 2/1-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8.     «Алтыншы шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» Астана қаласының мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 3/1-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. «Астана қаласының қоғамдық кеңесі құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №364/45-VI  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссияның кейбір мүшелерінің құрамдары.
  11. 11. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  12. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының  кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
  13. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы

   

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы                                                            Ж. Нұрпейісов

 Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды