«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 30

Алтынгүл БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, елорда тұрғыны:
– Біз тұратын үй Байқоңыр ауданына қарайтынын білдік. Көршілердің айтуынша, енді үйдің құжаттарын ауыстыру керек екен. Бұл қызмет түрі ақылы ма? Сонда құжаттарды қалай ауыстырамыз?

Бұл сұраққа «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы филиалының PR-менеджері Индира Шәкиеваның жауабын ұсынамыз:
– Үйдің мекенжайы өзгерген жағдайда, үй иесі халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, мекенжайды анықтайтын құжат алады. Орталық қызметкері «ҚР аумағы бойынша жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайын анықтайтын құжат беру» қызметіне өтініш береді. Мұндай қызмет түрі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Құжат дайын болған кезде өтініш берген азамат «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу» қызметіне жүгінеді. Ол уақытта мекенжай анықтамасы, үйге иелік етуге құқық беретін құжаттарды өзімен бірге ала барады. Екі қызмет түрі де тегін беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды