«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 33

Роза Ермекбайқызы, ата-ана:
– Астана мектептерінің бірінде киноактерлерді дайындайтын сынып ашылғанын естіген едім. Балам осы мамандыққа қызығып жүр. Бұл туралы толық мәлімет бере аласыздар ма?

Оқырман сұрағына №2 қалалық өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелдінің жауабын ұсынамыз:
– Болашақ киноактерлерді дайын­дайтын сынып биыл №2 қалалық өнер мектебінде ашылды. «Кино және телеарна» сыныбы қыркүйекте алғашқы шәкірттерін қабылдады. Бұл сыныпқа 12-13 жастағы балаларды қабылдадық. Олар осы жаста өте алғыр келеді. Бірінші сынып оқушыларымен бұл қиын болар еді. Қабылдау әңгіме-дүкен құру арқылы өтті.
Алғашқы жылы балалар теория­ны оқып, сосын барып практикаға көшеді. Жоғары сыныптарға барғанда өз бетінше сценарий, сюжеттер жазуы тиіс болады. Сабақ аптасына 3 рет, күніне 4-5 сағаттан өтеді. Оқу бағдарламасына режиссура тарихы, отандық кино, шетелдік кино тарихы, сценарийлік шеберлік, журналистика сияқты сабақтар енгізілді. Бір айта кетерлігі, сыныпта актерліктің ғана емес, режиссураның, тележурналистиканың қыр-сыры оқытылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды