«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 11

Гүлжан Өзенбаева, қала тұрғыны:
– Мен Астанаға жақында көшіп келдім. Енді осы қалада отбасымызбен бір кәсіп бастасақ деп едік. Біз сияқты азаматтарға мемлекеттен қандай көмек бар? Кімге барып, ақыл-кеңес сұрасақ болады?

Бұл сұраққа Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмұрзаев жауап береді:
– Еліміздің басқа аймақтарындағыдай біздің қаламызда да кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтар үшін жасалған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске асып отыр. Бұдан бөлек «Астана бизнес», «Astana – ZhasStarT», «Startup», «Astana Retail», «Астана Сервис» сияқты жергілікті тұрғындарға арналған бағдарламалар бар. Кәсібін енді бастап жатқандар, мысалы, «Startup» бағдарламасы бойынша көмек ала алады. Бұл бағдарлама құны 316 млн теңге болатын 7 түрлі жобаны қамтиды. Ал «Астана Сервис» бағдарламасы арқылы 441 млн теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылмақ. Сондықтан, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтар өз жоспарын анықтап алып, біздің департаментке келіп, мамандардан кеңес алса болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды