«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 7

Ерлан ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ, қала тұрғыны:

– Жыл соңына дейін Астанада 86 жылы аялдама салынады деп естідім. Сарыарқа ауданының үлесіне қанша тиеді?

Оқырман сұрағына Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек жауап береді:
– Сарыарқа ауданында жыл соңына дейін 22 жылы аялдама пайда болады. Жалпы, жабық түрдегі павильондардың құрылысы бойынша қалалық бағдарлама 4 кезеңнен тұрады. Барлық жылы аялдамалар аурухана, емхана, мектеп, балабақша, вокзал, базар сынды әлеуметтік нысандарға жақын орналастырылады. Бүгінгі күнге ауданымыздағы Жеңіс даңғылы 24, Республика даңғылы 57, Жеңіс даңғылы 83, Сарыарқа даңғылы 19, Гете көшесі мен теміржол вокзалы мекенжайларында жылы аялдамалар орнатылып, жақын уақытта пайдалануға беріледі. Жабық павильондар мемлекеттік бюджет қаражатынан және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен орнатылып жатқанын ескерте кетейін. Кәсіпкерлер ауданымызда үш аялдама орнатуды мойындарына алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды