«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 21

Ербол ҚАСЫМОВ, елорда тұрғыны:
– Соңғы уақытта Астанадағы көлік саны тым көбейіп кеткендіктен, таңертеңгілік және кешкілік кептеліс жиі болады. Болашақта қалада метро салына ма?

Бұл сауалға «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директоры Сәрсембек Жүнісовтің жауабын ұсынамыз.
– Қазіргі уақытта әуежайдан «Нұрлы жол» вокзалына дейінгі 20 шақырымдық қашықтыққа электричка жолы салынып жатыр. Оның 19 стансасы болады. Одан кейін электричканың жолы ары қарай қала ішімен автобустар жүрмейтін көшелер арқылы ескі вокзалға бағытталады. Мұны «заманауи метро» деп атауға болады. Электричка жолын жердің астына салғаннан гөрі үстіне салудың шығыны анағұрлым аз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды