«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 10

Райхан, газет оқырманы:
– Қазіргі кезде 16 жасқа толмаған балалар шетелге шығарда әке-шешесінің төлқұжатына суреті жапсырылады. Жуырда Ішкі істер министрлігі заңға түзету енгізіп, балаларға жеке төлқұжат рәсімдейтінін естідім. Бұл рас па және қашан қолданысқа енгізіледі?

Бұл сауалға ІІМ-нің ресми жауабын ұсынамыз.
– Соңғы кездері әлемде терроризм мен экстремизмге қатысты құбылыстарды бақылап отырған көптеген елдер өз шекарасынан өтетін адамдарға қойылатын талаптарды күшейтуде. Әлемдік қауымдастық төлқұжаттық-визалық бақылаудан өтуді жетілдіріп, құжатты әр азаматтың биометрикалық мәліметтеріне сай беруге көшті. Мәселен, елімізден шетелдерге әке-шешесімен бірге баратын 16 жасқа толмаған балалардың төлқұжатын сұрайтын мемлекеттер (Шенген аймағына кіретін еуропалық елдер, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.) көбейіп келеді. Қазақстан Республикасы азаматтары басқа елдердің шекарасынан еркін өтуі үшін ІІМ заңға тиісті түзету енгізеді. Бұдан былай шетелге баласын алып шығар кезде, оларға жеке төлқұжат рәсімделеді. Бұл жаңалық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды