«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 47

Марат Қалиев, газет оқырманы:
– Бурабайдағы дәстүрлі қайырымдылық шарасына қалай қатысуға болады? Бұл жолы веложарыс қай күні өткізілмек? Өз үлесімді қосайын деп едім.

Оқырман сұрағына Болат Өтемұратов қорының коммуникациялар жөніндегі менеджері Елизавета Демина жауап берді:
– Биылғы Burabike 2018 веложарысы 30 тамыз күні Щучинск – Бурабай курорт аймағындағы Rixos Borovoe қонақүйі маңында өтеді. Шара 9:00-ден 16:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Қайырымдылық шарасына қатысу үшін burabike.kz сайтына тіркеліп, 5000 теңге көлемінде жарна төлеу қажет. Велосипедті Rixos Borovoe қонақүйінен алуға болады. Ал егер өз велосипедіңіз болса, ұйымдастырушылар сізге арнайы жүк тасымалдаушы көлігін ұсынады. Сондай-ақ, қатысушыларға таңғы және түскі тегін ас та дайын. Burabike жарысына қатысушылар мен қонақтардың барлығына Астанадан Щучинскіге барып келуіне трансфер беріледі. Астанада адамдар елордалық цирктің алдында сағат 6:00-ден 6:45-ке дейін жиналады.
Жарыстан кейін қатысушылар мен қонақтарды Rixos-тың атынан үлкен пикник пен қазақстандық эстрада жұлдыз­дарының концерті, қайырымдылық жәрмеңкесі, тағамдарға арналған шеберлік сабақтары мен балалар мерекесі күтіп тұр. Сонымен қатар «Асыл мирас» орталығында аутизмге шалдыққан балалардың қолымен салынған шығармашылық жұмыстарға арналған қайырымдылық аукционы өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды