«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 35

Жадыра ҚҰСАЙЫНОВА, газет оқырманы:
– Бізге басшылық тарапынан ұжымда кәсіподақ ұйымын ашу жөнінде ұсыныс түсті. Бірақ бұл ұйымды ашу-ашпау көпшіліктің қолдауына қарай шешілетін болды. Басшылыққа нақты жауабымызды айтпас бұрын кәсіподақ ұйымының жұмысшыларға қандай пайдасы, мәселені шешуде қандай мүмкіндігі бар екенін білгіміз келеді.

Оқырман сауалына Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаевтың жауабын ұсынамыз:
– Кәсіподақтың көтеретін мә­селесі көп. Мәселені шешуде мүмкіндігі де мол. Ең бас­тысы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері қарастырылады. Кәсіподақ заң бұзушылыққа жол бермейді. Өнеркәсіптерде техникалық жаңартуларды енгізуде де жұмыстар жүргізіледі. Қызметінен босаған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды басқа мамандықтарға қайта даярлау курсынан өткізу үшін жағдай жасау да кәсіподақтың құзырында. Кәсіподақ үшін басшы кім болса да бәрібір, онда жұмысшылардың мүддесі бірінші орында. Егер кәсіподақ мүшелерін заңсыз жұмыстан шығарып жіберсе, жалақысын төлемей, еңбек адамының құқығы тапталса, ол үшін біз соттасуға дейін, тіпті бейбіт шеру өткізуге дейін барамыз. Осы сияқты көптеген маңызды шараларды атқаруда кәсіподақтың өзіндік салмағы бар.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды