«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Алло, «Астана ақшамы»

0 91

Ақылбек КӘРІМ, қала тұрғыны:
– Отбасымызбен бірге Бакуге барғымыз келіп еді. Ол жақта қанша күнге дейін визасыз бола аламыз?

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі­нің арнайы хабарламасында жария етілген болатын.
Соған сәйкес, Сіз Әзербайжанда 30 тәулікке дейін визасыз жүре аласыз. Қазақстан ұлттық жалпыазаматтық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан босату туралы 20 елмен жасалған екіжақты келісімдерге байла­ныс­ты төмендегі тәртіппен ше­тел асып, сапарлай аласыз: Ар­ген­тина (30 тәулікке дейін); Ар­мения (90 тәулікке дейін); Беларусь (90 тәулікке дейін); Бразилия (30 тәулікке дейін); Гонконг (14 тәулікке дейін); Грузия (90 тәулікке дейін); Корея (30 тәулікке дейін); Қырғызстан (90 тәулікке дейін); Молдова (90 тәулікке дейін); Моңғолия (90 тәулікке дейін); Ресей (90 тәулікке дейін); Тәжік­стан (30 тәулікке дейін); Өзбекстан (30 тәулікке дейін); Украина (90 тәулікке дейін); Сербия (30 тәулікке дейін); Түркия (30 тәулікке дейін); Эквадор (30 тәулікке дейін); БАӘ (30 тәулікке дейін).
Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде тұрақты негізде елдің инвестициялық және туристік тартым­дылығын арттыру және Қазақ­стан Республикасының визалық режімін қауіпсіз түрде ырықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды