«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 94

Айман Нұрланқызы, газет оқырманы:
– Үй шаруасындағы әйелдердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде қандай да бір көмек алуға мүмкіндігі бар ма? Сондай-ақ, бірыңғай әлеуметтік төлемді (БӘТ) төлеген бейресми жұмыс істейтін адамдар қандай медициналық қызмет түрлерін ала алады?

Бұл сауалға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутованың жауабын ұсынамыз.
– Үй шаруасындағы әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарына де­йін жарна төлеуден босатылған. Олар ең төменгі жалақының 5 пайызын (1414 теңге) МӘМС енгізілгеннен бастап аудара алады. Мысалы, 2020 жылдың қаңтарында айтылған соманы қорға төлесе, қаңтар-ақпан-наурыз айларының бірінде медициналық қызметтерді алуға құқылы. Ал жалдамалы жұмысшыларға жұмыс беруші ақша аударып, олар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде сақтандырылады. Енді бейресми жұмыс істейтін адамдар туралы айтайын. Олар МӘМС пен зейнетақы төлеу жүйесіне кіруі үшін бірыңғай әлеуметтік төлем төлейді. Мысалы, қалада фрилансер болып жұмыс істейтіндер үшін БӘТ-тің мөлшері 1 АЕК (2405 теңге), ауыл тұрғындарына 0,5 АЕК (1203 теңге) құрайды. Бұл ретте аталған соманың 40 пайызы ғана МӘМС-ке аударылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды